Қырғызстан шекараға қатысты жол картасын қабылдаудан бас тартты

0
103

Қырғыз мемлекетінің экономика министрі Артем Новиков Қазақстан мен екі елдің шекарасын реттеуге арналған жол картасына қол қоюдан бас тартқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Министр Ереванда өткен келіссөзден кейін «Бүгін жол картасына қол қою рәсімі болмады. Қазақстан тарапы жол картасына қол қойғанның өзінде шекара ашылып, еркін қозғалыс бомайды. Біз бұдан кейін  Еуразия экономикалық одағы аясында жұмыс істеуге тырысатын боламыз. Осыдан кейін қандай да бір шешім қабылдануы тиіс», деп мәлімдеді.

18 қазанда Қырғызстан Республикасының Премьер-Министрі Сапар Исаков бастаған өкілдік делегация келген болатын.

Қырғыз тарапы бастамашылық еткен кездесуде аталған жол картасы әзірленіп, белгіленген күнде қол қою шаралары жоспарға алынған. Екі елдің министрліктері мен ведомстволары басшыларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізілді.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз