Байқоңырдан жыл соңына дейін үш зымыран ұшырылады

0
96

2017 жылдың соңына дейін Байқоңыр ғарыш айлағынан үш зымыран ұшыру жоспарға алынған, деп хабарлайды Қазақпарат.

«Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директорының орынбасары Сергей Савельев Астанада өткен халықаралық форумда «2017 жылдың соңына дейін Байқоңырдан тағы үш ұшыру жоспарлануда», – деп мәлімдеді.

Дегенмен де бұған дейін ҚР Қорғаныс министрлігінің аэроғарыштық комитеті қараша айына арналған кесте бойынша ұшырулар болмайтынын хабарлаған болатын.

Жалпы алғанда, 2017 жылы Қазақстанмен келісілген «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру жоспарында 17 зымыран тасымалдаушы ракеталар бар.

Жадыра Аманбақызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз