Базалық мөлшерлеме 10,25% деңгейінде сақталынады

0
43

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені +/-1%-дық дәлізбен 10,25% деңгейінде сақтау туралы шешімді өткен ай қабылдаған болатын. 27 қараша Астана уақыты бойынша 17:00 жарияланатын базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешімнің алдында Ұлттық банк ұсынған осы жылдың үшінші шиергіндегі қаржылық көрсеткіштер жайлы мәлімет бермекпіз.

Қыркүйекте инфляция 7,1% деңгейінде

Жылдық инфляцияның нақты және болжамды (бір жарым жыл көлеміндегі) деңгейлері 2017 және 2018 жылдарында нысаналы дәліз шеңберінде болады деп күтілуде. Халықтың инфляциялық болжалы тұрақты деңгейде қалыптасуда. Инфляция факторлары сыртқы сектор тарапынан қолайлы факторлар ретінде бағаланады. Ал қаржы-несие талаптары бейтарап деңгейде қалды.

Алайда ұсыныс факторлары тарапынан сақталып отырған инфляциялық тәуекелдер мен валюта нарығындағы құбылмалылықтың артуы базалық мөлшерлемені жылдың соңына дейін төмендету әлеуетін шектеп отыр. Жылдық көрсеткіш бойынша инфляция қыркүйекте 7,1% деңгейінде, айлық инфляция 0,3% деңгейінде қалыптасты. Биыл азық-түлікке жатпайтын тауарларға деген сұраныстың біртіндеп ұлғаюына байланысты олардың қымбаттауы инфляциялық аяның сақталуына себеп болды, сондай-ақ бұған халыққа көрсетілетін қызмет тарифтерінің өсуі ықпал етті. Сонымен қатар, азық-түлік бағасының маусымдық төмендеуіне байланысты инфляцияның артуы шектелді.

Жылдың басынан бері жылдық көрсеткіште өсу қарқыны төмендеген базалық инфляция (құбылмалы және реттелетін құрауыштарды есептемегендегі) тамыз айында өзгеріссіз қалды. Жыл соңына дейін инфляциялық ая қалыпты болып қалады. Инфляциялық тәуекелдердің сақталуы белгілі бір себептерге: астыққа қатысты екіұшты жағдай, өңірлердегі тұрақтандыру қорларында азық-түлік тауарларының жеткіліксіздігі, жанар-жағар май материалдары және
азық-түліктің жекелеген түрлерінің нарықтағы ахуалына тікелей байланысты.

Бұған қарамастан, Ұлттық банк инфляцияның 2017 жылы да (6-8%), 2018 жылы да (5-7%) нысаналы дәліз шегінде болады деген бағам жасап отыр.

Инфляциялық болжал тұрақты

Инфляциялық болжал тұрақтылығын сақтауды жалғастырмақ. Келер жылдың осы уақытына деген инфляцияның сандық бағалауы қыркүйек айында өзгерген жоқ (6,5%) және 2018 жылда да нысаналы дәліз шегінде тұр.

Тұтынушылық кредиттеудің өсуі және ынталандырушы фискалдық саясат –
сұраныстың артуының негізгі драйверлері. Оның үстіне, халықтың жалақы деңгейі мен нақты кірістің төмендеуі, сондай-ақ банктердің шектеулі капиталы несиелендірудің одан әрі кеңеюіне кедергі болып отыр.

Экономикалық белсенділік индексі нақты көрсеткіші жоғары деңгейде сақталып отыр. Тамызда елдегі жалпы ұсынысты сипаттайтын қысқа мерзімді экономикалық индикатордың артуы жылдық көрсеткіште 7,8%-ға жетті. Бұған қарамастан, құрылыста және ауыл шаруашылығында белсенділіктің
баяулауы, сондай-ақ әлсіз инвестициялық белсенділік аясында өнеркәсіптік өндіріс пен сыртқы сұраныстың және бөлшек сауда өсіп келеді.

Тауар және шикізат нарығындағы ахуал сыртқы сектор тарапынан жақсы жаққа өзгеруі мүмкін. Мұнай бағасының бір баррелі 55 доллардан асуы, астықтың рекордтық көлемі және қант нарығында артық өндірудің нәтижесінде Қазақстанда инфляцияның қысқа және орта мерзімді перспективада төмендеуіне әкеп соғуы да мүмкін.

Қаржы-несие талаптары бейтарап деңгейде. 2017 жылғы тамызда салымдардың долларлану деңгейінің аздап өсуі, негізінен, оларды валюталық қайта бағалау салдарынан болды. Салымдар бойынша пайыздық мөлшерлемелердің құрылымы теңгемен жинақтарға оң әсер етуде. Базалық мөлшерлеменің серпінінен кейін жыл басынан бері бизнеске арналған несиелер бойынша мөлшерлемелер төмендеп келеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз