Елдегі ұшақтардың жасы сарапталды

0
55

Азаматтық авиация комитеті Қазақстанда жолаушы тасымалында қолданылатын әуе кемелерінің жасына қатысты сараптама жүргізді. Нәтижесінде азаматтық авиацияда қолданылатын ұшақтардың орташа жасы 12 жыл 8 ай екені анықталды. 4 үлкен әуе компания арасында ескі ұшақтардың «Бек Air» флотында екені белгілі болды.

«Негізгі әуе компанияларының әуе кемелері паркінде тұрақты жолаушылар тасымалы үшін қолданылатын жалпы саны 56 ұшақ бар.

Air Astana әуе компаниясы: Барлығы 31 ұшақ. Ұшқан уақыты орташа алғанда 8 жыл.

СКАТ әуе компаниясы: Барлығы 13 ұшақ. Ұшқан уақыты орташа алғанда 17 жыл.

«Бек Air» әуе компаниясы: Барлығы 9 ұшақ. Ұшқан уақыты орташа алғанда 20 жыл.

Qazaq Air әуе компаниясы. Небәрі 3 ұшақ. Орташа ұшқан уақыты 3 жыл»

делінген авиация комитетінен таратылған мәліметте.

Бүгінгі таңда ұшақ өндірушілер техникалық қызмет көрсетуде ұшақ пен оның агрегаттарының жағдайына үнемі мониторинг жасауға мүмкіндік беретін бағдарлама қолданатын болғандықтан халықаралық авиа құрылысының қазіргі тәжірибесіне сәйкес ұшақтардың жалпы ресурсын «жағдайына қарай пайдалануға» болатыны айтылған. Ақау шыққан жағдайда да ғана жөндеу жұмыстары жүргізілетіні атап өтілді.

Сараптама Мәжіліс депутаты Ирина Смирнованың елімізде әбден тозығы жеткен ұшақтардың әлі жолаушы тасымалдайтынын ашына айтуына байланысты жасалған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз