Қарақалпақтар неге көтерілді?

0
355
Қарақалпақстан жұрты конституциялық өзгеріске қарсы наразылыққа шыққан сәт. 1 шілде 2022 жыл. Photo: Makan.uz

25 маусымда Өзбекстан билігі Конституцияның 66 бабына 170 өзгеріс енгізу үшін жалпы ұлттық референдум өткізетінін жариялады. Өзгерістердің бірнешеуі мемлекет құрамындағы автономиялы республика Қарақалпақстанның егемендігін жойып, бөлініп шығу құқығынан айырады. Өзгерістер бойынша талқы 5 шілдеде аяқталуы тиіс.

Өзбекстан жаңа конституиясының жобасын жарияланғалы қарақалпақ халқы жиі-жиі үндеу жасап, қарсылық көрсетіп жатыр. Оның мәні Өзбекстан конституцияның 70, 71, 72, 74 және 75 баптарында Қарақалпақстанның жаңа статусы көрсетілді. Бұрын Қарақалпақстан “егеменді республика” болса, жаңа конституцияда бұл сөздер сызылып тасталған.

Өзбекстан ІІМ Қарақалпақстанның бас қаласы – Нүкістегі митингілерге қатысты ресми түсініктеме берді.

Өзбекстан билігінің тұжырымынша, заңсыз демонстрациялар 1 шілдеде сағат 15.00-де “республикада жүргізіліп жатқан конституциялық реформаларды дұрыс түсіндірмеу нәтижесінде” басталған. Қарақалпақстан тұрғындары қала бойынша шерулер ұйымдастырды, осыдан кейін олар орталық дехкан базарының аумағына жиналып, демонстрация ұйымдастырған.

“Қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеу және азаматтардың түрлі құқықбұзушылықтарды жасауына жол бермеу мақсатында дехкан базарының аумағында құқық қорғау органдарының күштері мен құралдары жұмылдырылды. Қазіргі уақытта қоғамдық тәртіп қалпына келтірілді, азаматтармен заңнаманы бұзуға жол бермеу туралы түсіндіру, сондай-ақ азаматтардың өтініштерін белгіленген тәртіппен қарау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр”, – деп хабарлады Өзбекстан ІІМ баспасөз қызметі.

Бір күн бұрын Өзбекстан құрамындағы Қарақалпақстан республикасының астанасы Нүкісте жүздеген адам ресми Ташкенттің Қарақалпақстанды “егемен” (суверенитет) статусынан айыру жоспарына қарсы және тәуелсіз журналист Дәулетмұрат Тәжімұратов босатуды талап етіп наразылыққа шыққан еді. Өзбекстан билігі шараны “заңсыз” деп атап, сенбіге қараған түні Нүкістегі “демонстрация аяқталды, қоғамдық тәртіп орнады” деп мәлімдеген. Алайда мұнымен бірге полицияның “демонстрацияны күшпен басқаны жөнінде” ақпараттар да шыққан. Қанша адамның ұсталғаны, жараланғаны немесе қаза болғаны белгісіз. Соңғы мәлімет бойынша, Нүкісте әлі интернет байланысы жоқ.

Әлеуметтік желілерде “бірнеше адамның қаза болғаны” жайлы ақпарат тарап жатыр. Алайда бұл мәліметті тәуелсіз дереккөздер арқылы тексеру мүмкін болмады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз