Моңғолия Қытайға 30 мың қой жібереді

0
112
Моңғолия президенті Х. Баттулга мен Қытай президенті Си Цзиньпин.

Моңғолия қазан айында коронавирусқа байланысты көмек ретінде Қытайға 30 мың қой жібереді. Бұл туралы жыл басында Моңғолия президенті Х. Баттулга Пекинге сапарында мәлімдеген еді.

Осыған байланысты елдің жеңіл өнеркәсіп министрлігінің мал шаруашылығын дамыту саясаты және үйлестіру бөлімінің бастығы Д.Батмөнх төрағалығымен жұмыс тобы құрылған. Билік 14 мың қойды Дорноговь аймағынан, қалғанын Хентий мен Сухбаатар аймақтарынан алады.

Жұмыс тобының есебінше, қойлар 6 қазанда дайын болады. Қытай мен Моңғолия шекарасындағы Замын-Ууд қаласына 15 күн бойы жайылып барады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз