Қырғыздар өзара ақша жинап мемлекет қарызын жаппақ

0
149
Қырғызстан ақ қалпақ күнін атап өтуде.

Қырғызстан елі Қытайдан алған мемлекет қарызын жабу үшін арнайы есепшот ашты. Бұл туралы centralasian.org сайты хабарлады.

Қырғызстан президенті міндетін атқарып отырған премьер-министр Садыр Жапаров 4 қараша күні Жалал-Абад тұрғындарымен кездесуінде арнайы есепшот ашылатынын мәлімдеді.

“Маған сенетін мигранттар және жеке кәсіпкерлер Қытайға қарызды қайтару үшін арнайы есепшот ашып жатыр. Екі-үш күнде бұл мәселе шешіледі. Барлық төлемдер сайтта ашық жарияланып тұрады”, – деді Жапаров.

Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, Қырғызстанның сыртқы қарызы 4 млрд 169,6 млн доллар. Оның 1 млрд 776,29 млн доллары Қытайдың “Эксимбанктен” алынған несие.

Бұл идеяны қазан айында парламент депутаты Айнұры Алтыбаева ұсынған болатын. Бұдан бөлек 2018 жылы Қырғызстанның премьер-министрі болған Мұхаммедкалый Абылгазиев және 2007 жылы премьер-министр болып тұрғанда, экс-президент Алмазбек Атамбаев та арнайы есепшот жөнінде сөз қозғаған. Іс жүзінде бұл мәселені Алмазбек Атамбаев жасады. Ол, бес жыл ішінде 20 мың доллар жинаған. Ал қазіргі таңда президенттікке кандидат Садыр Жапаров елдің ішкі ресурстары барлық қарыздан құтылу үшін жеткілікті деген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз