10 қаңтарда Қырғызстанда кезектен тыс президент сайлауы және референдум басталды. Дауыс беру таңертеңгі сағат 08:00-де басталған. Республика бойынша 2474 сайлау учаскесі ашық. Бұл туралы Kabar.kg агенттігі хабарлады.
ОСК таратқан ақпарат бойынша, Қырғызстан президентінің сайлауы мен референдумда 3 миллион 563 мың 574 адам дауыс бере алады.
Сайлауға 17 кандидат түсіп отыр:
- Садыр Нұрғожаұлы Жапаров;
- Исаев Қанатбек Кедейқанұлы;
- Арыстанбек Мықтыбек;
- Сооронқұлова Клара Сырғақбекқызы;
- Имамидин Асамидинұлы Ташов;
- Сегізбаев Әбділ Кенешұлы;
- Мадумаров Адахан Кимсанбайұлы;
- Қасенов Аймен Әбдітәліпұлы;
- Кочкоров Ұлықбек Тойшыбайұлы;
- Байгуттиев Женишбек Сейтбекұлы;
- Абакиров Эльдар Құрманбекұлы;
- Асанов Курсан Сатарұлы;
- Абдылдаев Арстанбек Бейшеналиұлы;
- Дженбеков Равшан Бабырбекұлы;
- Калмаматов Бақтыбек Орозалыұлы;
- Толбаев Бабыржан Латиханұлы;
- Иманалиев Қаныбек Қапашұлы.
Сондай-ақ, Референдумда Қырғыз Республикасын басқару нысанын таңдауға қатысты мәселе қойылады.
- президенттік республика;
- парламенттік республика;
- екеуіне де қарсы.
Дауыс берушілерге екі түсті бюллетень беріледі. Ақ түсті президент сайлауына, екінші көк түсті бюллетень референдум үшін.
Айта кетейік, сайлауда тек 18 жасқа толған және биометриялық мәліметтерін тапсырған азаматтар ғана дауыс бере алады.
Дауыс беруші төлқұжаты (ID-card немесе жалпы азаматтық паспорт) болған жағдайда және өзінің тіркеу учаскесінде ғана дауыс бере алады.