Қытай мен Өзбекстанды жалғайтын жаңа темір жол бағыты ашылды

0
199
Photo: ADB

13 тамыз күні Қытайдың шығысындағы Цзянсу провинциясындағы Уси қаласынан жүк пойызы Орталық Азияға жол тартты. Бұл туралы Қытайдың “Жэньминь цзибао” басылымына сілтеме жасап RFE/RL қазақ қызметі хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, пойызға 30 млн юань (шамамен 4,4 млн доллар) тұратын 1000 тонна жүк тиелген. Оның ішінде тұрмыс техникасы мен автокөліктер де бар. Пойыз жиырма күннен соң Қазақстан мен Өзбекстанға жетеді.

“Жүк таситын жаңа темір жол бағытының ашылуы пандемия кезінде тауар экспорттауда қиыншылыққа тап болған кәсіпорындарға жаңа мүмкіндіктер ашады”, – делінген басылымда.

Өткен жылы желтоқсан айында “Синьхуа” агенттігі қытайдың Шэньси ауданынан Қазақстан мен Өзбекстанға жүк пойызы жолға шыққанын хабарлаған.

Қазіргі уақыттаа, Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жолы жобасын жүзеге асыру жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Бұның алдында Өзбекстан мен Қырғызстан президенттері осы жобаны қолдайтынын мәлімдеген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз