Нұр-Сұлтанда Сирия бойынша Астана процесінің кезекті отырысы өтті

0
155
Сирия бойынша Астана процесінің 16-шы кездесуі.

Нұр-Сұлтанда Сирия бойынша Астана форматындағы 16-шы халықаралық келіссөздер аяқталды. Кездесуге қатысушылар жиын соңында бірлескен мәлімдеме жасады. 

Сирия келіссөздерінің кепілгер елдері Иран Ислам Республикасы, Ресей Федерациясы және Түркия Республикасының бірлескен мәлімдемесінде Сирия Араб Республикасының егемендігін, тәуелсіздігін бірлігі мен аумақтық тұтастығын жақтайтындықтары атап өтілген.

ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Ерлан Әлімбаев.

Сонымен қатар Сирияның әр қиырында лаңкестік әрекеттердің арта түсуіне, оның салдарынан бейбіт тұрғындар арасында құрбандардың көбеюіне алаңдаушылық танытып, ИГИЛ, Джабхат Ан-Нусра/Хейат Тахрир Аш-Шам, бұған қоса Әл-Каидамен байланысты бар ұйымдарды толықтай жою бағытында ынтымақтастықты жалғастыру уағдаластығына қол жеткізілгендігіне баса назар аударылған.

Сирия оппозицясының басшылары.

“Халықаралық құқықты, халықаралық гуманитарлық құқықты бұзатын, Сирияның және көршілес елдердің егемендігіне нұқсан келтіретін, өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікке қатер төндіретін Израильдің Сирияға әскери шабуылының жалғасуын айыптадық және оларды тоқтатуға шақырдық. Сирия қақтығысының әскери шешімі жоқ екендігіне нық сенім білдірдік”, – делінген бірлескен мәлімдемеде.

Сирия бойынша Астана форматындағы 17-ші халықаралық кездесу  жыл соңына дейін Нұр-Сұлтанда өтеді. 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз