Министрлік биыл қанша білім гранты бөлінгенін хабарлады

0
311
Білім және ғылым министрлігі ғимараты.

2021-2022 оқу жылында бакалавриатқа 56 мыңнан астам грант бөлінген. Биыл президент тапсырмасы бойынша жоғарғы білімге бөлінген грант саны 5000-ға артқан. Бұл туралы білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрлік мәліметінше, гранттар еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректеріне және жұмыс берушілердің сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпаратына сәйкес бөлінген.

Биыл ең көп грант (17 028) инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына бөлінген.

Педагогикалық ғылымдар – 9573 грант;

Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар – 7487;

Жаратылыстану ғылымдары – 4088,

Ауыл шаруашылығы ғылымдары – 1895;

Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтарға – 2700;

Өнер және гуманитарлық ғылымдар – 1615;

Бизнес, басқару және құқық – 1223;

Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат мамандықтарына 960 грант бөлінді.

“Серпін” бағдарламасы шеңберінде де гранттар қарастырылған.

“Талапкерлер құжаттарын ақпараттық жүйе арқылы тапсыратын болады. Сонымен бірге жоғары оқу орындарында виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс істейді. Мамандар өткен жылдағыдай бейне байланыс арқылы талапкерлерге кеңес береді”, – деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштерді қабылдау 13 шілдеден 20 шілдеге дейін жалғасады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз