Нұрсұлтан Назарбаев ЕАЭО мерейтойлық саммитіне қатысады

0
146
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Photo: Al Jazeera

29 мамырда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордада өтетін ЕАЭО мерейтойлық саммитіне қатысады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев твиттер парақшасында жариялады. 

“25 жыл бұрын ҚР Тұңғыш Президенті ММУ-да еуразиялық интеграция бойынша көзқарасын білдіріп, бүгінде шынайылыққа айналған тұжырымдаманың авторы болды. 29 мамырда Нұр-Сұлтанда ЕАЭО мерейтойлық саммиті өтеді. Елбасы Н.Назарбаев құрметті қонақ ретінде қатысады”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз