Елордадағы “Мәңгілік ел” қақпасын жөндеуге 600 млн теңгеден астам қаржы қажет

0
638
"Мәңгілік ел" қақпасы

Елордадағы “Мәңгілік ел” қақпасын жөндеуге 600 млн теңгеден астам қаржы керек. Бұл туралы қалалық мәслихат отырысында қала әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов мәлімдеді.

Архитектуралық құрылым сапасыз салынған. Депутаттар бұл мәселені тез арада шешу керектігін атап өтті. Құрылыс кезінде қақпаның жолға жанасқан тұсы дұрыс есептелмеген. Сондай-ақ оның айналасындағы жол жабындыларының сапасыздығынан жер асты өткелдеріне ағын су жиналады.

“Мәңгілік ел” қақпасы Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай 2011 жылы салынған. 2015-2016 жылдары ондағы музейге жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Нұрлан Нұркенов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары:

– Қақпаның кей бөлігінде жер асты өткелін салу кезінде құрылыс жұмыстары сапасыз жүргізілген. Жыл сайын өткізілетін жөндеулер кемшіліктерді толық жоюға мүмкіндік бермейді. Біз бұл проблемаларды жаз маусымына дейін шешеміз деген үміттемін.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз