Еуропа чемпионы Головкинмен жұдырықтасудан бас тартты

0
58
Орта салмақта Еуропа чемпионы Камил Шеремета

Орта салмақта Еуропа чемпионы Камил Шеремета қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жұдырықтаспайды. Бұл туралы польшалық боксшының промоутері Анджей Василевский мәлімдеді.

Геннадий Головкиннен бөлек, Камил Шереметаға WBC уақытша чемпионы Джермалл Чарломен жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс түскен. Алайда ол әзірге мұндай жоғары дәрежедегі жекпе-жектерге дайын емес екенін жеткізген. Айта кетейік, 29 жастағы америкалық боксшы Брэндон Адамс қазақстандық Геннадий Головкиннен ұсыныс түскенін мәлімдеген болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз