Өзбекстан президенті тікұшақ апатына байланысты Қазақстанға көңіл айтты

0
211
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзиёев. Сурет: REUTERS

Өзбекстан Республикасы Президентінің ресми сайтында Шавкат Мирзиёевтің қазақ елінің президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған көңіл айту жеделхаты жарияланды.

Бауырлас мемлекеттің басшысы Қызылорда облысында Қарулы күштер тікұшағының апатқа ұшырауы салдарынан бірнеше адамның қаза болғаны жайлы хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын жеткізген.

“Осы оқиғада көз жұмғандардың жақындары мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын”, – делінген жеделхатта.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз