Назарбаев Түркияның бұрынғы президентімен кездесті

0
82
Қазақстан және Түркияның бұрынғы басшылары Нұрсұлтан Назарбаев және Абдулла Гүл. Photo: Elbasy.kz

Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның бұрынғы басшысы Абдулла Гүлмен кездесіп “Астана клубының” жұмысына белсене қатысқаны үшін алғыс айтты.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда “Астана Клубының” алтыншы отырысы басталды

“Сіз отырыста жақсы сөйледіңіз. Мен сіздің идеяларыңызды қолдаймын. Кезінде біз екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, экономикалық интеграцияны дамыту жолында көп жұмыс атқардық. Бұл іс қазір де жалғасып жатыр”, – деді Назарбаев. 

Elbasy.kz сайтының хабарлауынша, Гүл “Астана клубы” отырысының аясында жаһандық күн тәртібі мәселелерін талқылаудың өзектілігіне тоқталып, Нұрсұлтан Назарбаевтың “Үлкен Еуразия” құрлығында ынтымақтастық пен қауіпсіздікті нығайту ісіндегі маңызды рөлін атап өткен.

Astana club – халықаралық мәселелерді талқылауға арналған пікірталас алаңы. Ресми ақпаратқа қарағанда, оған әлемнің 27 елінен 60 адам қатысқан. Оның ұйымдастырушысы “Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасы қоры” және Әлемдік экономика және саясат институты деп айтылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз