СІМ өкілі: Сирия бойынша келесі келіссөз 14-16 маусымда өтеді

0
112
Сирия бойынша Астана процесі келіссөздеріне қатысып отырған делегаттар.

Нұр-Сұлтанда 14-16 маусым күндері Сирия бойынша келіссөздердің 18-раунды өтеді. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Смадияровтың айтуынша, СІМ келіссөзде кепілгер және бақылаушы болатын елдерге шақырту жолдады және шараға қатысуларын растауды күтіп отыр.

Сирияда 2011 жылдан бері қарулы қақтығыс жүріп жатыр. “Астана форматы” ретінде танымал Нұр-Сұлтандағы келіссөз 2017 жылдан бері жалғасып келеді.

Ал 2018 жылдың қаңтарында Сочиде Сирия ұлттық диалогының конгресі өтті.

Сирия қақтығысы басталғалы бері бір келіссөз алаңында қатысушылардың кең ауқымының бас қосуы алғаш рет еді. Женевада жұмыс істейтін және конституциялық реформаны дайындау негізгі міндетіне кіретін конституциялық комитет құру туралы шешім Конгрестің басты нәтижесі болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз