Нұр-Сұлтаннан Бішкекке әуе рейсі ашылады

0
230
Fly Arystan ұшағы.

23 маусымнан бастап Fly Arystan әуе компаниясы Нұр-Cұлтаннан Бішкекке ұшатын жаңа рейсті іске қосады. Бұл туралы әуе компания баспасөз қызметі хабарлады. 

Airbus A320 борты әр апта дүйсенбі және бейсенбі күндері екі рет ұшады.

Билет бағасы 14 900 теңгеден басталады. Оған борттағы орын және салмағы бес келі қол жүгі кіреді.

“Қазақстанға қайтар жолда сізден Манас әуежайына ұшуға дейін 4-3,5 сағат бұрын келуіңізді сұраймыз, өйткені қазір онда бір ғана өткізу пункті жұмыс істейді”, – деп ескертеді әуе компания.

Айта кетейік, биыл 1 мамырдан бастап Қырғызстанға кіру үшін ПТР-тест немесе вакцинация паспорты қажет емес.

Еске салайық, 26 мамырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға ресми сапармен барады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз