ANTIKOR: Кинологиялық орталықтың бастығы сотталды

0
221

23 мамырда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ішкі істер министрлігінің кинологиялық орталығының бастығы А.А. Болғымбаева сотталғанын хабарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, кинологиялық орталығының бастығы А.А. Болғымбаеваға қатысты лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

Болғымбаева 2021-2022 жылдары өзінің қарамағындағылардан жалпы сомасы 1 675 000 теңге болатын, сыйлықақы төлемі ретінде берілген ақшалай алым жасады деп күдіктенген.

“19.05.2022 жылы Алматы қаласы бойынша Түрксіб аудандық сотының үкімімен А.А. Болғымбаева мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды. Үкім заңды күшіне енген жоқ”- делінген хабарламада.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз