Тоқаев мемлекеттік күзет қызметінің бастығын таныстырды

0
262

25 тамызда президент Тоқаев мемлекеттік күзет қызметінің басшылық құрамына жиналыс өткізіп, мемлекеттік күзет қызметінің жаңадан тағайындалған бастығы Ермек Сағымбаевты таныстырды. Бұл туралы президенттің ресми сайты хабарлады.

“Мемлекеттік күзет қызметінің мамандарынан кәсібилік талап етіледі. Біріншіден, жауынгерлік және физикалық дайындық. Бұл ретте мемлекеттік күзет қызметінің, тиісті бөлімшелердің басшылары жан-жақты білімді, дүниетанымы кең, елдің ішкі саяси жағдайын да, халықаралық ахуалды да жақсы меңгерген болуы керек. Біз тек осындай жағдайда ғана жұмыстан тиімді нәтиже күтеміз, – деді Қасым -Жомарт Тоқаев.

Жаңадан тағайындалған МКҚ бастығы Ермек Сағымбаев

Осылайша президент мемлекеттік күзет қызметінің үлкен жауапкершілігі мен маңыздылығына тоқталды. Одан кейін мемлекет басшысы кадрлық әлеуетті арттыру туралы айта келіп, МКҚ офицерлері мемлекетке, өздеріне жүктелген қызметке адал және нағыз патриоттар болуы керек екенін атап өтті. Мемлекет басшысы кадрларды іріктеуде дәл осы ұстанымдарды басшылыққа алуды баса айтты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз