Венесуэла АҚШ елшісін қайтарады

0
58
дереккөзден

Венесуэла президенті Николас Мадуро ел аумағынан АҚШ-тың жоғары шенді елшісін қайтарады. Бұл туралы Венесуэла президенті 22 мамырда телеарна арқылы мәлім етті, деп хабарлайды Deutche Welle басылымы. АҚШ-тың уақытша сенімді өкілі Тодд Робинсон орынбасарымен бірге 48 сағат ішінде Венесуэла аймағынан кетуі керек. Мадуро дипломаттарды елдің ішкі ісіне араласты және Венесуэла үкіметіне қарсы ауыз жаласты деп айыптады.

Өз кезегінде АҚШ мемлекеттік департаменті аталған айыптауларды толықтай жоққа шығарды.

20 мамырда Мадуро Венесуэлада өткен президент сайлауының қорытындысы бойынша тағы да жеңіс тұғырынан көрінді. Венесуэла Орталық сайлау комиссиясының ақпарына сәйкес, Мадуро 68 пайыз дауыс жинаған. «Демократиялық бірлік блогы» оппозициялық коалициясы сайлау қорытындысына бойкот жасады.

Оңтүстік Америкадағы бірқатар елдер Венесуэладағы елшілерін кеңесу үшін елдеріне шақыртты. АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэладағы президент сайлауының қорытындысын Вашингтон мойындамайтынын алға тартып, аталған мемлекетке қарсы санкцияларды қатаңдату бойынша бұйрыққа қол қойды.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз