Украина ТМД елдері қатарынан ресми түрде шықты

0
345

Украина Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері қатарынан ресми түрде шықты. Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

Ел президенті Петр Порошенко Украйна үшін ТМД аясында жекелеген халықаралық шарттардың әрекетін тоқтату туралы жарлыққа қол қойды.

Петр Порошенконың жарлығында «Украина конституциясының 107-бабына сәйкес: «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясында қол қойылған Украина үшін жекелеген халықаралық шарттардың әрекет етуін тоқтату туралы» 2018 жылдың 2 мамырындағы Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің шешімін қолданысқа енгізуге қаулы етемін. Осы жарлық жарияланған күннен бастап күшіне енеді», – делінген.

Украина президенті ТМД елдері қатарынан шығу туралы жарлыққа 19 мамырда қол қойды. Сол күні Порошенко ТМД-дағы органдарынан ел өкілдерін шақыртып алып, «енді оларға ол жақта істейтін ештеңе қалмады, біз бірге Еуропаға бет аламыз» деп меңзеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз