Швеция мен Беларусь дипломатиялық қатынастарын қалпына келтірді

0
112
Белоруссия астанасы Минск қаласы/дереккөзден

Беларусия президенті Александр Лукашенко Дмитрий Мирончикті Беларусияның Швециядағы елшісі ретінде тағайындады, осылайша осыдан алты жыл бұрын екі мемлекет арасында орын алған «пүліш десант» дауының салдарын жойып, өзара дипломатиялық қатынастарды мемлекеттер деңгейінде қалпына келтірді. Бұл туралы 22 мамырда Лукашенконың баспасөз қызметі хабарлады.

2012 жылдың жазында Беларусияның шекарасын Швеция азаматтары басқарған жеңіл қозғалтқышты ұшақ кесіп өтіп, ел аумағына баспасөз еркіндігін талап етіп, аспаннан пүліш қонжық жұмсақ ойыншықтарын тастаған еді. Бұл жайттан кейін Беларусиядағы Швеция елшісінің аккредитациясы ұзартылмады, Швеция жаңа белорус елшісін қабылдаудан бас тартты, шамамен бір жыл көлемінде Швецияның Беларусияда дипломатиялық миссия жүргізетін елшісі болмады. Беларусияның Стокгольмдегі елшілігі 2017 жылдың қарашасында ғана ашылды.

“Пүліш десант” дауы

«Пүліш десант» Беларусияда ішкі және сыртқы саяси жанжал тудырды. Лукашенко Ұлттық мемлекет шекара комитетінің басшысы Игорь Рачковскийді, әскери-әуе күштері мен әуе қорғаныс күштерінің қолбасшысы генерал-майор Дмитрий Пахмелкинді қызметінен босатты. Әуеде қалықтап жүрген қонжықтардың суретін жариялаған фотограф Антон Суряпин мен швед ұшқыштары пәтер жалдаған риэлтор Сергей Башаримов қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз