Жуырда ғана Қазақстанға келген Сингапур президенті биылғы сайлауға қатыспайтынын мәлімдеді

0
78

Сингапур президенті Халима Якуб биылғы президенттік сайлауда екінші мерзімге қатыспайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің видео мәлімдемесінде айтты.

«Бірнеше айдан кейін президенттік сайлау өтеді, ойлана келе мен қайта сайланбау туралы шешім қабылдадым. Соңғы алты жыл ішінде Сингапурдың сегізінші президенті қызметін атқару үлкен мәртебе болды. Мақсатым қамқор және жанашыр қоғам құру еді. Мен бұл жолда жалғыз болмағаныма қуаныштымын», – деді ол өз мәлімдемесінде.

Халима Якубтың өкілеттігі ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінде аяқталатынын естеріңізге саламыз. Сондықтан президент сайлауы 14 маусым мен 13 қыркүйек аралығында өтеді деп белгіленді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз