Халыққа арзан бағамен сатылуы тиіс 126 тонна көкөніс шіріп кетті

0
100

Қызылордада 26 мамыр күні әлеуметтік желіде қоқыс полигонына төгілген жарамсыз көкөніс қалдықтары туралы бейнежазба тараған. Нақты мәлімет бойынша 126 тонна көкөніс (пияз, картоп, сәбіз) шіріп кеткен. Бұл, қарапайым халықтың ашу-ызасын тудырған, деп хабарлайды Kazaknews.kz Ақпараттық агенттігі. 

Жалпы, биыл Қызылордада арзан бағамен сатылуы тиіс көкөніс алдыңғы жылға қарағанда 3 есе артық сатып алынған (1547,1 тонн).

Осыған байланысты өнімді сақтаушы «Байқоңыр әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ, қалдықтар 25 мамыр күні жойылғанын растаған. Мұны «азық-түлік сақталғанда өз салмағын жоғалтады, ол табиғи өзін-өзі жоғалту деп есептеледі» деп түсіндірген.

Аталған мәселеге байланысты Қызылорда облысы әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, бұл корпорация басшысының қателігі екенін, ысыраптың алдын алуға болатынын айтты.

«Самат Нұрахметұлы, шынында, бұл әрекет тұрғындардың ашу-ызасын туғызды. Мәселенің бұрыннан бар екенін біле тұра, мамандарыңызбен бірге қоймадағы өнімдерді басқа мақсатқа пайдалану жолдарын қарастыру керек еді. Бұл жұмыс та жасалмаған. Елге жанашырлық таныта алмайтын адамдарға біздің арамызда орын жоқ», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Осы жағдайдан кейін «Байқоңыр» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Самат Ерниязов қызметінен босатылып, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаевқа қатаң сөгіс жарияланған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз