Республикалық жолдарда жарықты шағылыстыратын экрандар орнатылады

0
110

Республикалық маңызы бар күре жолдарда қозғалыс қауіпсіздігін арттыру үшін арнайы жарықты шағылыстыратын экрандар орнатылып жатыр, деп хабарлайды Kazaknews.kz Ақпараттық агенттігі.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру үшін жолшылар республикалық маңызы бар М-32 “Самара-Шымкент” және А-2 “Алматы-Ташкент-Термез” автожолдарының бірқатар учаскесінде, сондай-ақ Күйік және Қордай асуларында 40 мыңға жуық арнайы жарықты шағылыстыратын пластиналарды орнатылған.

«Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін арнайы қондырғылар Түркістан және Жамбыл облыстары аумағында орнатылды. Қондырғының басты артықшылығы — қарама-қарсы бағытта келе жатқан көліктердің шамдары жүргізушілерге кедергі келтірмейді. Бұл әсіресе түнгі уақытта қауіпсіз әрі ыңғайлы», – делінген ҚазАвтоЖол хабарламасында.

Қондырғы көпжолақты жолдарға ғана орнатылады. Алдағы уақытта дәл осындай арнайы жарықты шағылыстыратын экрандар көлік қарқыны жоғары “Алматы-Қорғас” және Р-7 “Бурабай аумағы” күре жолдарында пайда болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз