Қазақстан өз алаңында Әзербайжанды жеңді

0
228
Қазақстан ойыншыларының Әзербайжан қақпасына гол соққан сәті.

3 маусым күні футболдан Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасы өз алаңында Әзербайжанды жеңді. Бұл жеңісінен кейін Қазақстан топта бірінші орынға шықты.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен матчта Мамгомед Адиев шәкірттері 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Матчтың бірінші кезеңінде есеп ашылмады. Екінші кезеңді Қазақстан құрамасы өте белсенді бастады. 50-минутта Абат Айымбетов есепті ашты.

Арада тағы бірнеше минут өткеннен кейін Қазақстан құрамасы екінші голын соқты. 58-минутта Абат Айымбетов айып алаңына асырылған допқа бірінші жетті де, есепті еселеді.

Бұл нәтижеден кейін Қазақстан құрамасы С тобындағы үшінші себетте бірінші орынға шықты.

Айта кетейік, енді Қазақстан құрамасы 6 маусым күні Словакия, 10 маусым күні Беларусь құрамасына қарсы кездесу өткізеді. Екі ойында сырт алаңда болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз