Футзал: Қайрат тағы тең ойнады, Атырау ұтылды

0
233

28 қазанда футзалдан UEFA чемпиондар лигасының топтық кезеңінде қазақстандық “Қайрат” екінші рет тең ойнады, “Атырау” тағы жеңілді.  

Оқи отырыңыз: Қазақстандық қос клуб чемпиондар лигасын сәтсіз бастады

“АФК Қайрат” командасы ресейлік “Тюмень” клубына қарсы 3:3 есебімен тең нәтиже көрсетсе, атыраулықтар португалиялық “Спортинг Л” клубынан 1:8 есебімен ұтылып қалды. Естеріңізге сала кетейік, Атырау футзал клубы чемпиондар лигасының дебютанты.

Қазақстандық қос клубта топтық кезеңдегі алғашқы ойындарын дәл осындай нәтижемен бастаған еді. “АФК Қайрат” командасы чехиялық “Пльзень” клубымен тең нәтиже көрсетсе, атыраулықтар словениялық “Добовец” клубынан ұтылып қалды.

“Қайраттың” топтағы қалған ойыны:
30.10.2021 Қайрат – Пезаро С/5 (Италия)

“Атыраудың” топтағы қалған ойыны:
30.10.2021 Атырау – Аньер Вильнев (Франция)

Айта кетейік, Қайрат клубының топтық кезеңдегі матчтары Италияда, ал атыраулықтардың матчтары Словенияда өтуде. Екі клубтың да тобынан чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне 4 команданың үшеуі жолдама алады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз