Қазақстанда 5G қашан қосылады?

0
181
Digital Bridge форумы.

Қазақстанның ірі төрт қаласында 5G интернет желісі сынақтан өтіп жатыр. Алдағы жылдары операторлар арқылы 5G мегаполистерде қосылады. Барлық облыс орталығында 2025 жылға дейін орнатылады. Бұл жөнінде жұма күнгі брифингте цифрлық даму министрі Бағдат Мусин айтты.

“Қазіргі уақытта 5G елдің төрт аймағында тестілеуден өтіп жатыр. Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Түркістан. Нұр-Сұлтанда ЭКСПО маңында 5G желісін құрылғылар, және спидтест арқылы кеше өлшедік. 1 Гбитке дейін жылдамдық көрсетіп тұр. Әзірге пилоттық жоба. Дегенмен халыққа 5G-ға өту арқылы кемінде 100 Мбит ұсынатын боламыз. Нақты қашан қосылатыны радиожиілікті талап етеді. Келесі жылы осы радиожиілікті ұсыну бойынша аукцион өткіземіз. Сол аукционнан кейін тиісті құрылғыларды орнатып 2022-2023 жылдары операторлар арқылы ірі қалаларда қоспақпыз. 2025 жылға дейін барлық облыс орталығында 5G технологиясымен байланыс берілетін болады”, – деді министр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз