Нүктесі қойылды: Мбаппе ақыры «Реал Мадрид»-ке ауысты

0
39
Килиан Мбаппе

Футболдан Франция құрамасының және «ПСЖ» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе мадридтік «Реалмен» келісімге келді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Бірінші бол парақшасына сілтеме жасап.

Дереккөздің мәліметінше, француз ойыншысы бірнеше күн бұрын мадридтік клубпен ортақ шешімге келген.

Енді ол 2024 жылдың жазында «Реал» жейдесін киетін болады.

Айта кетейік, Мбаппенің «ПСЖ» командасындағы келісімшарты биыл жазда күшін жояды. Мұнан кейін ол кез келген клубқа тегін ауыса алады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз