Назарбаев: Бұл нысанды жастарымыз үшін арнайы салдық (видео)

0
141

ҚР Тұңғыш Президенті-Н. Назарбаев Алматы облысында “Үшқоңыр” жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты. Бұл туралы экс-президенттің баспасөз хатшысы  Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

Назарбаев өңірдің барша тұрғындарын «Үшқоңыр » спорт кешенінің ашылуымен құттықтап, бой көтерген нысанның жастарды тәрбиелеу және дене шынықтыру ісіндегі маңызын атап өтті.

“Біз бүгін аудандағы бірегей спорт кешенін аштық. Дені саудың-жаны сау. Қазіргі заманда дені сау адам ғана жетістікке жете алады. Сондықтан біз бұл нысанды жастарымыз үшін арнайы салдық. Сіздерге зор денсаулық, амандық, бақ-береке тілеймін. Баршаңызды тағыда спорт кешенінің ашылуымен құттықтаймын”,-деді Назарбаев.

Жаңадан ашылған спорт кешенінде бокс,күрес және тренажер залдары, жүзу бассейні, теннис корты, көпфуңкционалды залдар басқа да спорт инфрақұрылымдары бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз