Оралу Технология “Алиса” қазақша сөйлейді

“Алиса” қазақша сөйлейді

2
7,739
дереккөзден

“Яндекс” компаниясы “Алиса” көмекшісін ТМД елдері тілдеріне баулуға ниетті. “Ведомости” басылымының дереккөздерге сілтеме жасай отырып таратқан ақпарына сәйкес, көмекші қосымша Қазақстан, Белорусия және Украинада енгізіледі.

Қазіргі уақытта “Яндекс” қосымшасы тек орыс тілінде сөйлейді. Шет тілде “Алиса” тек 2019 жылы ғана сөйлейді деп хабарланады.

“Алиса” қосымшасы өткен жылдың қазанында іске қосылды. Көмекші Уикипедиядан ақпар оқып, қазіргі ауа-райы мен жол қозғалысына қатысты мәліметтермен бөлісе алады, сондай-ақ “Яндекс Музыкадан” ән қойып, дауыстық ойындарды меңгерген, көмекшімен тілдесуге де болады.

Америкалық Siri көмекшісінен айырмашылығы орыстың “Алисасы” тілдік импровизацияға ие, әңгімеге қолдау көрсете алады. Аталған көмекші қызметі iOS және Android қосымшаларына орнатылған.

 

Сафина Саид

2 ПІКІРЛЕР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз