Apple компаниясы жаңа Iphone 15 телефонын 4 нұсқада ұсынды

0
95

12 қыркүйекте Apple компаниясы жаңа Ipone моделін таныстырды. Жаңадан шыққан Iphone телефоны 15, 15 Plus, 15 Max және 15 Pro Max болып бөлінген.

Өлшемі жағынан Iphone 15 және 15 Plus телефоны 6,1 дюйм болса, 15 Max және 15 Pro Max телефоны 6,7 дюйм болған. Бұдан бөлек жаңа телефонның қуаттағышы ауысқан. Оған, Iphone маркаларына үйреншікті Lightning емес, қазіргі таңда кең танымал Type C қуаттағышы орнатылған. Жаңа телефон қара, жасыл, қызғылт, көгілдір және сары түсте шығады. Ал, Iphone қолданушылары телефонды 22 қыркүйектен бастап сатып ала алады.

IPhone 15 және 15 Plus телефонының бағасы $799 және $899 доллардан басталады. Ал, ІPhone 15 Pro/Pro Max телефоны $999 және $1199 доллардан басталады.

Бұдан бөлек Apple компаниясы Watch Series 9 қол сағатын таныстырды. Оның бұрынғыдан айырмашылығы ретінде сағатқа жаңа S9 чипі орнатылған (Алдыңғы маркасынан 50 пайызға тезірек); Сағат енді қызғылт түсте де шығады. Бағасы 399 бен 799 доллар аралығында болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз