Қазақстанда Microsoft-тың мультиаймақтық хабы ашылады

0
152
фото: steppe

Цифрлық даму министрлігі мен Сан-Франциско қаласындағы (АҚШ) Бас консулдығының бірлескен жұмысының нәтижесінде, «Microsoft» корпорациясымен Қазақстан аумағында орналасатын мультиаймақтық хаб ашу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Бұл туралы Цифрлық даму министрі Бағдат Мусиннің Microsoft-тың Қазақстандағы Бас директоры Сергей Лещенкомен екіжақты кездесуі барысында белгілі болды.

Хаб қызметі Орталық Азия, Әзербайжан, Армения, Грузия, Моңғолия және Пәкістан елдерін қамтитын  болады.

“Microsoft қызметін локализациялау Қазақстанға аймақтық ауқымда технологиялар мен озық шешімдерді тарту орталығына айналуға мүмкіндік береді. Осылайша, хаб Microsoft корпорациясының технологиялық даму және инновациялар орталығы бола отырып, шикізаттық емес технологиялық салалардың өнімдерін өндіру мен экспорттауды ынталандыру арқылы адами капиталды дамыту және ұлттық экономиканы нығайтудың драйвері бола алады” – деп атап өтті Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин.

“Қазақстанда «Microsoft»-тың аймақтық хабының құрылуы маңызға ие. Елдеріңізде тиісті инфрақұрылым бар. Біз қуана-қуана бірлескен жобаларды іске асырып, сіздермен жұмыс істегіміз келеді” – деп атап өтті Microsoft компаниясының Қазақстан бойынша Бас директоры Сергей Лещенко.

Сондай-ақ корпорацияның ChatGPT сияқты көптеген сервистерінде қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту мәселесі талқыланды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз