Германия 5G желілеріне кірісті

0
64
дереккөзден

Германияда 5G мобильді желісінің құрылысына арнайы өткен аукционнан 6 миллиард еуро жиналды.

Аукцион оныншы апта өтіп жатыр, сауда раундтары нәтижесінде жиналған сома алдын ала болжанған қаражат көлемінен асып түсті деп жазады Euronews.

Нарық көшбасшысы Deutsche Telekom бақылаушы аз ғана жиілік ұсынып, бағаларды көтеріп жіберді деп шағым айтты.

Өзге ірі ойыншылар Vodafone және Telefonica Deutschland мобильді желілердің дамуына қаражат салуда көтерме баға оң ықпал етеді деп еш қарсылық танытпады.

5G-ге қол жеткізген кезекті компанияның бірі – 1&1 Drillisch. Ол United Internet-ті басқарады. Бас директоры миллиардер Ральф Доммермут өзінің компаниясы елдегі төртінші мобильді оператор болады деп сенеді.

Германия 2022 жылы елдегі үй шаруашылығының 98 пайызын жиілігі жоғары ғаламтормен қамтуды көздеуде.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз