Google компаниясы Go edition жүйесін шығарды

0
68

Google компаниясы Android Pie 9 операциялық жүйесінің жеңілдетілген түрін шығарды. Go edition деп аталатын бұл жүйе бағасы 30 доллардан басталатын, қуаты және жады аз құрылғыларға арналған. Мысалы, Nokia N1, Doogee X50, Micromax Bharat Go телефондары сондай құрылғыларға жатады.

Android Go орынды азырақ қажет етеді, өйткені ондай құрылғыларда бос орын өте аз болады. Егер кәдімгі Android 8 Гб орыннан тек 2,5 Гб қана бос қалдырса, Go Edition нұсқасында 5,5 Гб орын бос қалады.

Оған қоса операциялық жүйеде гуглдың танымал қосымшаларының жеңілдетілген нұсқалары орнатылған: YouTube Go, Google Go, Maps Go, Files Go, Assistant Go, Android Messages.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз