Жаңа Land Cruiser 300 қолданысқа қашан беріледі?

0
114
Photo: zaslon-rus.ru

Жаңа Toyota Land Cruiser 300 автокөлігінің таныстырылымы 2020 жылдың күз айында өтеді. Бұл туралы жапондық Best Car порталы хабарлады. 

Жол таңдамайтын жаңа көліктің кем дегенде 1 гибридті электр қондырғысы болады. Қондырғы арнайы осы көлік үшін жасалған.

Көлік 3,5 литрлік V6 турбогенді тізбектің негізінде әрі қуатты әрі үнемді болмақ. Алайда, Land Cruiser 300 толыққанды электр қозғалтқышын ала ма, жоқ па әзірге белгісіз.

Бізге белгілі, жол талғамайтын көлік моторының барлығы жаңадан құрастырылады. Өйткені жаңа Land Cruiser “нарықта ұзақ сақталады” деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар,  экологтардың талабына сәйкес, жол талғамайтын көлік сегіз цилиндрлі қозғалтқыштан толығымен бас тартуы қажет.

Айта кетейік, Toyota Land Cruiser 200 автокөлігінің бұрынғы түрі 2007 жылдың күз айында таныстырылған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз