Бейжіңде қазақстан-қытай сыртқы істер министрліктері арасында консультациялар өтті

0
60

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камалдинов Қазақстан Республикасы және Қытай Халық Республикасының сыртқы саясат ведомстволары арасындағы консультациялар және Қазақстан-Қытай ынтымақтастық жөніндегі комитетінің Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің 10-шы отырысына қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Сыртқы істер министрліктері консультациясының барысында тараптар келесі жылғы Қазақстан мен Қытай арасындағы жоғары және үкімет деңгейіндегі байланыстар туралы пікір алмасты, «Нұрлы жол» ЖЭС пен «Жібек Жолындағы экономикалық белдеу» қытайлық бастамасымен ұштастыру, трансшекаралық өзендер, консулдық қарым-қатынастар, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара әрекеттесу мәселелері талқыланды, сондай-ақ басқа да өзекті мәселелер қаралды.

Тараптар ұдайы жүргізілетін сыртқы істер министрліктері консультациясының қазақстан-қытай жан-жақты стратегиялық әріптестігін ілгерілетуге септігін тигізетін маңызды тетіктерінің бірі болып табылады деген пікірлерін білдіре отырып, өзара тиімді ынтымақтастықтың нәтижелі дамуын қанағаттанарлықпен атап өтті.

Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комитеттің 10-шы отырысының шеңберінде тараптар қауіпсіздік және қорғаныс салаларындағы қазақстан-қытай ынтымақтастығы, өзекті халықаралық және өңірлік мәселелер, сондай-ақ Кіші комитеттің келешектегі жұмыс жоспары бойынша пікірлермен терең алмасты.

Сапардың шеңберінде А. Камалдинов Қытайдағы Қазақстанның достары клубының отырысына қатысты. Іс-шара барысында екі мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатындағы соңғы үрдістер, ретті және тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсімі мен өз елдерінің жетілуін қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан мен Қытай басшыларының бастамалары туралы пікір алмасулар өтті.

Іс-шараларға Қытай қоғамдық ғылым академиясының Ресей, Шығыс Еуропа, және Орталық Азия институтының директоры Ли Юнцюан, Бейжің шет тілдері университетінің ректоры Пэн Лун, ҚР-дағы ҚХР-дың бұрыңғы елшілері Яо Пэйшен, Чжоу Ли, Қытай қазіргі заманғы қарым-қатынас академиясының Орталық Азия институтының директоры Дин Сяосин, ҚХР СІМ, ҚКП ОК Халықаралық бөлімінің, Қытай шетелдермен достық қауымдастығы өкілдері және т.б. қатысты.

 Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз