Парижде Эйфель мұнарасы уақытша жабылады

0
156
Эйфель мұнарасы

8 желтоқсан күні Париж басшылығы жанармай салығын қымбаттатуға қарсы ереуілдерге байланысты туристер көп баратын Эйфель мұнарасын уақытша жабады. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, ереуіл соңы тәртіпсіздікке ұласады деп қауіптеніп, Елисей алаңындағы дүкендер мен мейрамханаларды уақытша жабуға шақырды. Сенбіге белгіленген барлық қоғамдық іс-шара өткізілмейтін болды.

Париждегі ондаған мұражай, оның ішінде Лувр мұражайы қарсылық акцияларына байланысты сенбіде жұмыс істемейтін болды. Мұражайлар басшылығы манифестанттар тәртіпсіздік жасап, мұражайды қиратуы мүмкін деп қауіптенеді. Сонымен қатар, Париждің бірнеше ауданында бизнес иелерінен қосымша қауіпсіздік шараларын жасауды сұрады.

Францияда наразылар биліктен жанармай салығын қымбаттатпауды талап етіп, ереуілдетіп жатқанына үш апта болды. Ереуілдерді “Сарғылт жилет”қозғалысы ұйымдастырып отыр.

Өткен сенбіде Парижде болған демонстрацияға биліктің мәліметінше 75 мың адам қатысты. Демонстрация соңы тәртіпсіздікке ұласып, 130-дан астам адам зардап шекті, 400-ге тарта адам тұтқындалды. Бетперде киген адамдар дүкен сөрелерін қиратып, Салтанат қақпасын зақымдады. Париж мэриясы тәртіпсіздіктерден келген шығынды 3-4 миллион еуро деп бағалап отыр.

Наразылық шерулерінен соң 5 желтоқсанда Франция үкіметі жанармай салығын өсіруге алты ай мерзімге мораторий жариялады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз