2018 жылы Астанада ең жиі қойылған есімдер

0
894
Сурет: inform.kz

Астанада қаңтар-қазан айларында дүниеге келген 27 998 балаға ең көп қойылған Әлихан және Медина есімдері болды. Бұл туралы kazaknews.kz тілшісі хабарлады.


Астана әкімдігі сайтының хабарлауынша, Елордадағы АХАТ статистикасы бойынша жаңадан туған нәрестелер арасында ең танымал есім – Әлихан мен Медина болған. Осы жылы 289 ұлды Әлихан деп атаса, 387 қызға Медина есімі берілген. Ең көп қойылған есімдердің ондығына ұл балалар арасында Әмір, Әли, Айсұлтан, Арлан, Алан, Санжар, Алдияр, Ерасыл және Мансұр кіреді. Қыздар арасында Айзере, Айлин, Әмина, Айша, Раяна, Айару, Аяла, Сафия және Аиша есімдері көбірек қойылыпты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз