Жапония шетелдік жұмыс күшіне зәру

0
410
Сурет: bbc.com

Жапония парламенті елдегі жүз мыңдаған шетелдік жұмысшыға арналған ережені жеілдететін жаңа заң бекітті. Келесі жылдың сәуірінен бастап шетелдік азаматтарға Жапонияның құрылыс, ауыл шаруашылығы, медицина саласында қызмет атқаруға рұқсат беріледі.

Жапония дәстүрлі түрде иммиграциядан бас тартқан болатын. Бірақ, үкімет жапон халқының қартаюына байланысты көптеген шетелдіктің қажет екенін айтады.

Оппозициялық партиялардың айтуынша, бұл заң жаңадан келгендерді эксплуатацияға ұшыратады.

Жаңа жүйе бойынша, 300 мыңнан астам шетелдікке еңбек дағдарысы алдында тұрған салаларда жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін.

Аталмыш заң жаңадан 2 виза категориясын жасайды. Бірінші категория бойынша, егер жұмысшы жапон тілінде белгілі бір біліктілікке ие болса бес жылға елде қалуға рұқсат беріледі.

Ал, біліктілігі жоғары жұмысшылар екінші виза санатына ие болады. Сонымен қатар,  ықтиярхатқа өтінім беруге құқығы бар.

Оппозиция шетелдік жұмысшылардың ағыны елдегі жалақыны төмендететінін айтады. Сондай-ақ, бұл жағдай еңбек мигранттарының эксплуатациясына әкелуі мүмкін деген болжам жасайды.

BBC-дің Токиодағы тілшісі Роберт Уингфилд-Хайестің хабарлауынша, біліктілігі төмен шетелдік жұмысшыларға арналған «техникалық дайындық» бағдарламасын кейбір жұмыс берушілер теріс пиғылда пайдалануы мүмкін.

Сурет: bbc.com

Жапониядағы бизнес компаниялар басқа елдерден жұмысшы жалдау үшін ұзақ уақыт бойы иммиграциялық ережелерге өзгеріс енгізуді талап етіп келді.

Бірақ премьер-министр Синдзо Абе ұсынылған заңның иммиграциялық саясатты қайта қарау дегенді білдірмейтінін айтты. “Жапония еңбекке жарамсыздықты тез арада жою үшін нақты қабілетке ие және қызметке икемі бар шетелдіктерді ғана қабылдайтын болады», – деді ол.

Жапонияның туу коэффициенті бойынша, 1970 жылдары бір әйелге шаққандағы босану 2,1-ден келген. Қазір бұл көрсеткіш шамамен 1,4-ге төмендеген. Елде өмір сүрген ең ұзақ жас  85,5-ті көрсетіп тұр.

Ағылшын тілінен аударған,

Абдіманап Кеңес,

Журналист

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз