Білім министрлігі: оқушыларға үй тапсырмасы берілмейді

0
214
Нұр-Сұлтан қаласындағы дарынды ер балаларға арналған "Білім-инновация" лицейіне емтихан тапсырып отырған оқушылар.

Қазақстанның білім және ғылым министрлігі қашықтан оқыту кезінде оқушыларды үй тапсырмасынан босатпақ. Бұл туралы министрліктің мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова хабарлады.

“Мұғалім оқу тапсырмасын жариялайды. Яғни, әдеттегі үй тапсырмасы болмайды. Kundelik.kz платформасында бір оқу тапсырмасы жарияланады”, – деп түсіндірді Мелдебекова.

Еске салсақ, 2-4 сыныптар үшін 2-3 сабақ, 5-8 сынып оқушылары үшін 3-4 сабақ, ал 9-11 сыныптар үшін 4-5 сабақ өткізу ұсынылды.

19 тамызда Қазақстан мектептерінде бірыңғай педагогикалық кеңес, ал 20 тамызда ата-аналар жиналысы өтті.

Жаңа оқу жылы осы жылы алғаш рет қашықтан оқыту форматында басталады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз