Университеттер арасында “Адалдық лигасы” құрылды

0
87

Биыл жоғарғы оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейтуге бағытталған кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілген болатын. Осыған орай еліміздің алдыңғы қатарлы 20-дан астам жоғарғы оқу орындарының арасында “Академиялық адалдық лигасы” құрылды. Бұл жобаның идеясын Республикалық Тамыз конференциясында КАЗГЮУ Университетінің ректоры Талғат Нәрікбаев ұсынған. Тамыздың 28 күні аталмыш лиганың мақсаты мен жұмысын таныстыру үшін Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихаты өтті. 

Брифингке ҚР Білім және ғылым вице-министрі А. Аймағамбетов пен жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты. Вице-министр өз сөзінде Білім және ғылым министрлігі бұл жобаны толықтай қолдайтынын айтты. “2021 жылдан бастап әр жоғарғы оқу орны түлектеріне дипломды мемлекеттің емес, университеттің атынан тапсыратын болады. Сондай-ақ әр түлектің біліміне қатысты жауапкершілікті де толықтай университет алады. Бұл бастама жұмыс берушілер үшін де қолайлы болады”, – деді вице -министр.

“Бір сөзбен айтқанда, университетке түсу оңай, бітіріп шығу қиынға соғады. Шет елдік білім ордаларымен араласу үшін өз арамыздағы байланыс берік болуы тиіс”, – деді ЕҰУ ректоры Е. Сыдықов.

Лиганың негізгі мақсаты академиялық адалдық қағидаттарын іске асыру және ілгерілету арқылы жоғары білім беру сапасын арттыру. Лигаға мүше болуға кез келген ЖОО мүмкіндігі бар, бірақ оның арнайы қағидалары мен талаптары бар екендігін ескеру керек.

Жиын соңында лигага қосылуға ниет білдірген ЖОО ортақ декларация қабылданды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз