Иран АҚШ санкцияларын еңсереді – Роухани

0
87
дереккөзден

Иран Ислам Республикасының президенті Хасан Роухани Тегеран АҚШ санкциялары салдарынан туындаған кедергілерді жеңеді деп мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбіде Reuters басылымы хабарлады.

Роуханидың сөзінше, АҚШ салған санкция салдарынан “ислам республикасында көп адам болашаққа деген сенімдерін жоғалтқан”. “Тегеран Ақ үйдің анти ирандық шенеуніктерін жеңіп, экономикалық кедергілерді еңсереді”, – деп мәлімдеді.

Мамырда АҚШ президенті Д. Трамп Иранмен Бірлескен іс-қимыл жоспарын тәрк ететінін хабарлады. Бұған себеп Трамптың Тегеранды уран байыту көздері және тыйым салынған қару-жарақ жасақтады деп айыптауы еді.

Бірлескен іс-қимыл жоспары Тегеранның ядролық қаруды жасап шығару мүмкіндігін шектейді, өз кезегінде Иранға АҚШ пен Еуроодақ тарапынан енгізілген санкциялар алынып тасталған еді. Трамп аталған мәмілені тәрк еткеннен кейін Иранға қарсы санкциялар 7 тамыздан бастап іске қосылды, шектеу шаралары Иранның автокөлік секторы, алтын жән металл сату саласын қамтыды. Мұнай өнімдеріне қарсы шектеу шаралары осы жылдың қарашасында күшіне енеді деп күтілуде.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз