“Qazaq Banki” лицензиясынан айырылды

0
97
дереккөзден

“Qazaq Banki” АҚ құнды қағаздар нарығында банктік және өзге де операцияларды орындау лицензиясынан айырылды. Бұл туралы ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлайды.

“Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі–ҰлттықБанк) 2018 жылғы 27 тамызда Ұлттық Банк Басқармасының «Qazaq Banki» АҚ-ты банктік және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдауына байланысты жеке тұлға-салымшыларды теңгемен және шетел валютасындағы депозиттер, төлем карточкаларындағы және банктік шоттардағы ақша Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (бұдан әрі–ҚДКҚ) кепілдігімен қорғалғанын ескертеді, демек, болашақта сот банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдаған жағдайда, ҚДКҚ жеке тұлға-салымшыларға кепілдік берілген өтемақыны төлеуді жүзеге асырады”, – деп хабарлайды Ұлттық банк.

Кепілдіктің ең жоғары шегі теңгемен және депозиттер бойынша 10 миллион теңгеге дейін, шетел валютасындағы депозиттер бойынша 5 миллион теңгеге дейін мөлшерді құрайды деп хабарланады.

«Qazaq Banki» АҚ-та жеке тұлғалардың барлығы 23 миллиард теңге сомаға депозиттері орналастырылған. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының өтемақы төлеу бойынша міндеттемелері 19,6 миллиард теңгені құрайды. Банк клиенттерінің шамамен 2%-да кепілдік берілген сомадан артық депозиттері бар және Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорынан кепілдік берілген сома шегінде өтемақы алады, ал кепілдік берілген сомадан жоғары сомадағы өтемақыны тарату комиссиясынан алады», – деп мәлімдейді Ұлттық банк.

28 тамыздан бастап тұтынушылардың банктік шоттары бойынша және банктің өзінің қызметі тоқтатылуы керек деп хабарланады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз