Жас ғалымдар үшін жаңа гранттар бөлінеді

0
45
Сурет: КАЗГЮУ университетінің баспасөз қызметі.

11 ақпан күні КАЗГЮУ университетінде жас ғалымдарды қолдау мақсатында жаңа гранттық бағдарламаның тұсауы кесілді. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа бағдарлама бойынша заң саласының 5 магистрі “Мемлекеттік құқық” және “Жеке құқық” бағдарламалары бойынша PHD докторантураcына тегін оқуға мүмкіндік беріледі.

Сонымен қатар, доктарантураға түскен жас ғалымдар 3 жыл бойы жатақханада тегін тұрады, әрі диссертациясын сәтті қорғаған соң жұмысқа орналасу мүмкіндігі беріледі.

Осы орайда Жоғары заң мектебінің директоры Сергей Пен жас ғалымдарға жаңа гранттық бағдарламаның шарттарын түсіндірді.

“Кандидаттарға қойылатын негізгі талаптар: ағылшын немесе неміс тілдерін білу, сапалы әрі негізді зерттеу тақырыбы мен бұрын жүргізілген нәтижелі зерттеу жұмысының болуы. Байқаудың бірінші кезеңінде үміткерлердің құжаттарын байқау комиссиясы сырттай қарайды. Кейін жеке сұхбатқа шақырады. Конкурстың сырттай кезеңі 2019 жылдың 30 сәуіріне дейін, үміткерлермен сұхбат 20 маусымға дейін өтеді”, – деді ол.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз