Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин коронавирус жұқтырды

0
86
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин. Мәжілістің жалпы отырысы 13.02.2019.

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннен коронавирус табылды. Бұл туралы parlam.kz сайты хабарлады.

“Мәжіліс спикері сенаттан қайтарылған “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” кодекс мәселелері бойынша денсаулық сақтау министрін қабылдаған. Елжан Біртановтың анализі оң нәтиже бергендіктен мәжіліс спикері 16 маусымда коронавирусқа тест тапсырған еді. Өкінішке қарай, тест оң нәтиже көрсетті. Сиптомсыз COVID-19 деген диагноз қойылды” делінген ресми хабарламада.

Сайттың хабарлауынша, өзін оқшаулаған спикер қашықтан жұмыс істейді. Бірақ 17 маусымға белгіленген пленарлық отырысты оның орынбасары өткізеді деп айтылады.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан коронавирус табылып, ауруханаға түскен еді. Біртанов вирус жұқтырған соң онымен бірге болған премьер-министр Асқар Мамин және Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өзін оқшаулаған.

Осыған дейін мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан, президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли, Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы, бұрынғы денсаулық вице-министрі Камалжан Надыровтан коронавирус табылған еді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз