Қазақстанда Франкофония наурыз өтеді

0
103
Француз елшісі Филипп Мартинэ/ фото: KAZAKNEWS.KZ

1 наурыз бен 30 сәуір аралығында Бельгия, Канада, Франция, Марокко және Швейцария елдерінің елшіліктері бірігіп, #Frankofonı Naýryzy – 2019» атты мәдени іс-шаралар маусымын ұйымдастырады. Бұл туралы 27 ақпанда орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында франкофония елдерінің (Франция, Швейцария, Канада, Марокко, Бельгия) Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшілері мәлімдеді.

«Франкофония – 5 құрлықтағы 80 мемлекеттің, 300 миллионнан астам француз тілді адамдардың басын біріктіретін гео-мәдени кеңістік. Жыл сайын әлем бойынша Халықаралық франкофония күні 20 наурыз күні тойланады. Қазақстандағы Наурыз мейрамын тойлау осы күнге сәйкес келетіндіктен, аталмыш маусымның #Frankofonı Naýryzy деп аталуы орынды. Мәдени маусым аясында барша Қазақстандықтарға франкофония елдерінің бай мәдениетімен және француз тілімен жақынырақ таныстыратын қызықты әрі жарқын мәдени іс-шаралар бағдарламасы ұсынылады», – деді Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэ.

Канада елшісі Николя Бруссо/фото: KAZAKNEWS.KZ

«Бельгия, Канада, Франция, Марокко және Швейцария елдерінің елшіліктері бірігіп, #Frankofonı Naýryzy – 2019» атты мәдени іс-шаралар маусымының бастамасы ретінде, яғни 1 наурыздан бастап, Қазақстанның 6 қаласында Француз тілді фильмдер фестивалі аясында Бельгия, Канада, Франция, Марокко және Швейцария елдерінің кино туындылары көрермен назарына ұсынылады», – деді Канаданың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Николя Бруссо.

Ал 6 наурызда Астана қаласының франкофон әйелдері клубы #FrankofonıNaýryzy маусымын қолдаушылардың бірі болып саналатын актриса Самал Еслямованың қатысуымен «Әйел және ғылым» тақырыбын талқылайды.

19 наурызда Қазақстанның барлық Француз Альянстарында елшілер диктанты өткізіледі, ал 22 сәуірде Алматы қаласында Бельгиялық автор Пейоның «Смурфиктер» атты комикстер көрмесі ашылады.Мұнда жас буын өкілдеріне алуан түрлі ойын-сауықтар ұсынылады.

Сондай-ақ шара аясында 11-ші Ұлттық франкофон ән байқауы өтеді. Шара еліміздің 6 қаласында өткізіліп, ақтық кезеңі 27-наурыз күні Алматы қаласында өткізіледі. 10 сәуірде салтанатты түрде Эрик Ваззолердің «Ойрандалған балалық шақ» атты фотосуреттер көрмесі ашылады. Көрменің басты сюжеті Семей қаласының жастарына арналады.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз