Мәдениет министрі “Борат-2” фильмі жайлы пікірін айтты

0
126
Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова. Photo: mks.gov.kz

19 қазанда өткен онлайн брифингте мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова “Борат-2” фильмі ресми түрде Қазақстанда көрсетілім жасауға сертификат алмағанын және ол үшін министрлік ресми реакция көрсетпейтінін айтты. 

“Екінші фильмнің шыққанын бәрі біледі. Оны елемей жүре алмаймыз. Меніңше, олар шығармашылық адам ретінде өз болымысын көрсете алады. Алайда ондай әрекет адамның ар-намысына, белгілі бір мемлекеттің атақ-абыройына нұқсан келтірмеуі тиіс”, – деді министр Райымқұлова.

Естеріңізге салайық, “Борат” фильмінің бірінші бөлімі 2006 жылы жарыққа шыққан болатын. Фильмде Борат атты кейіпкер, қазақстандық журналист рөлін ойнап, Қазақстанды келемеждейді.

Фильм “Ең жақсы бейімделген сценарий” номинациясы бойынша “Оскар” сыйлығына ұсынылған. Ал басты рөлді сомдаған Саша Барон Коэн “Борат” рөлі үшін “Үздік комедия актері” номинациясы бойынша “Алтын глобус” иегері атанды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз