2017 жылдың ең ақылды оқушылары кімдер?

0
81

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры ұйымдастырған «Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық онлайн турниріне 5000 оқушы қатысып, ең үздік екі оқушы Астана қаласының Назарбаев орталығында турнирдің 13 қазанда өткен қорытынды ойынында анықталды.

Үздіктер Павлодар облысы Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 11-ші сынып оқушысы Бихан Боранбай мен  Павлодар облысы Ақсу қаласының № 4 орта мектебінің 10-шы сынып оқушысы Влада Горбенко 2017 жылдың ең ақылды оқушылары болып атанды.

 

Сонымен қатар 5000 қатысушыдан озық болған 12 финалист құрмет дипломдары мен бағалы сыйлықтармен: ноутбуктер, планшеттер және смартфондармен марапатталды.

2016 жылдан бастап іске қосылған«Кім білгіш?»  мобильдік интеллектуалды қосымшасының негізгі мақсаты, дарынды балаларды анықтау, оқушылардың танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын арттыру, білімді насихаттау, интеллектуалды мүмкіндіктерін дамытуға атсалысу болып табылады.

«Кім білгіш?» ойыны —  мобильді қосымша  арқылы онлайн өткізілетін интеллектуалды сайыс. Ойын спорт, ХХ ғасыр, ХХІ ғасыр, әлемде, өнер, Қазақстан тарихы, Қазақстан табиғаты, денсаулық, ғылым тақырыптарындағы 25 000-нан астам сұрақтардан тұрады. Сайысқа қатысушылар ғаламторға қосылған ұялы телефондары арқылы өздері таңдаған тақырыптар бойынша сұрақтарға белгіленген уақыт ішінде жауап беру арқылы сынға түсетін болады.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз